106 мұнай толы цистернасы бар пойыз рельстен шығып кетті

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Солтүстік Дакота штатында Кассельтон қаласына жақын маңда мұнай құйылған цистерналарды алып бара жатқан жүк пойызы пикаппен соқтығысты,
None
None

деп хабарлады Associated Press.

Рельстен шығып кеткен бірнеше цистерна отқа оранды.

PZFeed хабарлағандай, қақтығыс болғаннан кейін артынша пойызға өзге құрама соғылып, салдарынан тағы бір жарылыс болды. Осы басылымның мәліметтеріне қарағанда, 12 цистерна лап ете түскен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апат салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Inforum.com басылымы мұнайы бар пойыздың 106 цистернаны алып бара жатқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар