106 жыл бұрын татар тілінде «Орал» газеті жарық көре бастады

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Осыдан 106 жыл бұрын, яғни 1907 жылы Орынборда татар тілінде «Орал» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

106 жыл бұрын татар тілінде «Орал» газеті жарық көре бастады

4 қаңтар мен 27 сәуір аралығында газеттің небәрі 31 саны шықты. Редакторы - Хусаин Ямашев. Газет большевиктік бағыт ұстанып, әлеуметтік-саяси мәселелерді көтерді. Ресей өкіметіне «Ашық хат» жариялады. Онда қазақ еңбекшілерінің атамекенінен көшіріліп, құнарлы жерлерінен айырылып жатқаны жазылды, Екінші Мемлекеттік Думадан жер мәселесін әділ шешу талап етілді.