107 мың қазақстандық маскүнемдік пен нашақорлықтан ем алып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 107 мың қазақстандық маскүнемдік пен нашақорлықтан ем алып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас психиатр-нарколог маманы Қуаныш Алтынбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
«Бірінші жартыжылдықта елімізде психобелсенді заттарды қолдану салдарынан психикалық ауытқулар бойынша динамикалық бақылауға алынғандардың саны 107 мыңнан астам адамды құрады. Оның 83 маскүнем болса, 17 пайызға есірткіге тәуелді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қуаныш Алтынбеков бүгінде халыққа наркологиялық көмек аудандық деңгейдегі 204 психикалық денсаулық кабинетінде және қалалық емханалар деңгейіндегі 83 бастапқы психикалық денсаулық орталықтарында жүзеге асырылатынын атап өтті.

Бұл бастапқы орталықтарда психиатр (нарколог), психотерапевт, психолог, әлеуметтік қызметкер бар көп салалы команда жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар