11-18 мамыр аралығында Қазақстанда «Мұражайлар апталығы» өтеді

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - 11-18 мамыр күндері аралығы Қазақстанда «Мұражайлар апталығы» деп жарияланды.
None
None

Осы аралықта жұртшылық үшін мемлекеттік мұражайлар есігі ақысыз ашылатын болады. Көрермендердің назарына көптеген жаңа экспонаттар, көрмелік экспозициялар ұсынылмақ. Сонымен қатар апталық аясында тематикалық дәрістер, экскурсиялар, ғылыми оқылымдар өткізіледі деп күтілуде. Осы шараны мерекелеу «Мұражайлар түні» атты халықаралық акциямен аяқталмақ. Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 18 мамырда барша әлемнің мұражай қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Соңғы жаңалықтар