12:18, 07 Желтоқсан 2015 | GMT +5
11,5 келі сомтума алтын ұрлап, оны құпия орынға жасырып келген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хабаровск өлкесіндегі Полина Осипенко атындағы ауданда құны 18 млн рубль болатын 11,5 келіден астам сомтума алтын ұрлаған алтын өңдейтін кәсіпорынның екі қызметкері бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы дүйсенбіде ТАСС өңірлік прокуратураға сілтеме жасап хабарлады.
«Сот біреуін 3 жыл 4 айға, екіншісін 2 жылға бас бостандығынан айыру шешімін қабылдады. Барлығы 18 млн рубль болатын 11,5 келі алтын ұрланған», - дейді прокурордың аға көмекшісі Валентина Глазова.
2014 жылғы мамыр мен қазан аралығында Хабаровск өлкесі Полина Осипенко атындағы ауданда Октябрьский учаскесіндегі кен орнын әзірлеу кезінде кәсіпорынның бір қызметкері бөлшектеп жасырын 11,5 келіден астам сомтума алтынды қолды етіп, құпия жерге жасырған. Екінші қызметкермен ол алтынды Хабаровскіге әкеліп, сатуды жоспарлаған.
Екеуін де Ресей ФҚҚ Хабаровск өлкесі бойынша басқарма қызметкерлері ұстады, ұрланған алтын тәркіленді.