11 ақпан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11 ақпан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу бойынша отырыс өткізеді.

16.00-де Talan Gallery ғимаратында суретші Сәуле Сүлейменованың «Milestone» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

17.00-де Astana Opera театрында «Мадам Баттерфляй» операсы қойылады.

19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында Дос-Мұқасан ансамбілінің концерті өтеді.

19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Howard&Tyler саундтрек концерті өтеді.

19.00-де Астана Балетте «Қар ханшайымы» балеті қойылады.