11 ақпанда ел аумағының басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 ақпанда ел аумағының басым бөләгәнде ауа ағынының өтуі салдарынан кей жерлерінде қар жауады, тек батыс және орталық Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет.

11 ақпанда ел аумағының басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-22 м/с күшеюі ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.