11 ақпанда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 11 ақпан күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

22 тамыз күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Фото: Kazinform

АСТАНА

10:00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы басталады.

Күн тәртібінде:

  • көктемгі егіс жұмыстарына дайындық;

  • АӨК саласын цифрландыру.

Отырыс қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

11:00-де EXPO халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі басталады.

19:00-де Жас көрермендер музыкалық театрында «Абай – Тоғжан» музыкалық драмасы ұсынылады.

19:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Тіл табысқандар» комедиясы сахналанады.