11 айда Астана тұрғындары саны 30 мыңнан астам адамға өсті
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Астана қаласының тұрғындар саны 30 469 адамға өсті, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты статистика департаментіне сілтеме жасай отырып.
Сонымен, астаналықтардың жалпы саны 2012 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша 773 387 адамды құрады. Тек қазан айында ғана елорда тұрғындары 3 мыңға тарта көбейіп отыр.
Халықтың көбі Алматы ауданында - 364 962 адам (47,2%), Сарыарқа ауданында - 306 968 адам (39,7%) тұрады. Ал, Есіл ауданында - 101 457 адам (13,1%) тіркелген.