11 айда елімізде телемедициналық орталықтар арқылы 16 мыңнан астам қашықтықтан кеңес берілді

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 11 айында еліміздегі телемедициналық орталықтар арқылы 16 мыңнан астам қашықтықтан кеңес беру ұйымдастырылды,
None
None

деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан ТМД елдері ішінде алғашқы болып телемедицина саласын дамыта бастады. Қазіргі уақытта республикада 183 телемедициналық орталық жұмыс істейді. 2011 жылдың 11 айында еліміздегі телемедициналық орталықтар базасында республикалық орталықтардың, сонымен қатар шетелдердің жетекші емханаларының жоғары білікті мамандары науқастарға 16 мыңнан астам қашықтықтан кеңес берді.

Осы орайда айта кететін жайт, 2011 жылдан бастап азаматтарды шетелдерге емдеуге жіберудің жаңа ережелері енгізілді. Сол бойынша міндетті шарт науқас жіберілетін шетелдік емханамен алдын ала телемедициналық кеңес жүргізілуі керек.

Соңғы жаңалықтар