11 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы және халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту жөніндегі шаралар қаралады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

14.30-да ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Министрліктің 2022 жылғы қорытындылары және 2023 жылға арналған жоспарлары туралы» кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Онлайн-трансляция ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.

15.00-де EXPO іскерлік орталығындағы Конгресс-орталықта ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің 2022 жылғы қызмет қорытындылары мен алдағы міндеттерге арналған кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

15.30-да «Астана опера» театрында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобымен серіктестікте қайырымдылық жобаларын іске асыратын үкіметтік емес ұйымдардың кездесуі өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында М. Әуезовтың «Абай» трагедиясы қойылады.