11 қаңтардан бастап жүргізушілер көліктеріндегі медициналық көмек қобдишасының құрамын өзгертуі тиіс - ҚР ДСӘДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 11 қаңтарға дейін қазақстандықтар автокөліктерінің алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес жаңартуы қажет, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ.
None
None

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының жаңа құрамына кіргендер: сутегі тотығының 3% ерітіндісі (1 флакон), зарарсыздандырылған дәке бинті 5м *10 см (1 дана), зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5м *10 см (1 дана), зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м *14 см (1 дана), зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалар (1 дана), зарарсыздандырылған таңу пакеті (1 дана), зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 г. (1 дана), қан тоқтатқыш жгут (1 дана), бактерицидті лейкопластырь (5 дана), медициналық лейкопластырь (1 дана), эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден), зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар (1 жұп), доғал ұшты қайшылар (1 дана).

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 18 қарашада «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығына өзгерістер енгізілген, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Соңғы жаңалықтар