11 қараша. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 11 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform

Сәлима ҚҰНАНБАЕВА, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры

Сәлима ҚҰНАНБАЕВА
Фото: biblio.dissernet.org

1943 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітіріп, аспирантурада білім алған.

Еңбек жолы: орта мектепте, Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) және Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) оқытушы болды. 1972-1992 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент, проректор қызметтерін атқарды. 1992-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің бірінші проректоры — оқу ісі жөніндегі проректоры, 1998-1999 жылдары ректоры болды. 1999 жылдан бастап бірінші проректор — оқу ісі жөніндегі проректор қызметін атқарды.

50-ге жуық ғылыми еңбектің, соның ішінде үш монографияның авторы.

Бақыт ЖАХАНОВ, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Бақыт ЖАХАНОВ
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

1974 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Қызылорда политехникалық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1996-2002 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасында жетекші, бас маман, бөлім басшысы, 2002 жылы облыстық білім басқармасының бөлім басшысы болды. 2002-2004 жылдары облыстық экономика басқармасының бөлім басшысы, 2004-2005 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратында бас инспектор, 2005-2008 жылдары облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасын, 2011 жылы Қызылорда облысының табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасын басқарды. 2011-2013 жылдары облыс әкімінің орынбасары, 2013-2015 жылдары Қазалы ауданының әкімі, 2015-2019 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. 2019-2022 жылдары қайтадан облыс әкімінің орынбасары болды. 2022-2024 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.

Қазіргі қызметін 2024 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Азамат ТАЙЖАНОВ, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары

Азамат ТАЙЖАНОВ
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

1985 жылы Астана қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде халықаралық құқық бакалавры, 2009 жылы магистр дәрежесін алған. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Жапонияның Токай университетінде экономика магистрі дәрежесін иеленген. 2015 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде экономика мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесін қорғаған.

Еңбек жолы: 2005 жылғы қазан — 2006 жылғы желтоқсан аралығында «Ықылас К» ЖШС менеджері, 2007-2008 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің арнайы тексеру нәтижелері шыққанға дейін жетекші маман міндетін уақытша атқарушы, 2008 жылы осы департаменттің сарапшысы болды. 2008-2010 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің сарапшысы қызметтерін атқарды. 2010 жылғы маусымнан 2011 жылғы ақпанға дейін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық және инвестициялық саясат басқармасын басқарды. 2011 жылғы ақпан — 2013 жылғы сәуір аралығында ҚР Президенті Кеңсесінің консультанты болды. 2013 жылы Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, 2013 жылғы шілде мен 2016 жылғы сәуір аралығында Егіндікөл ауданының әкімі, 2016 жылғы сәуір — 2018 жылғы қараша аралығында Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 2019-2021 жылдары «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары — басқарма мүшесі, 2021-2023 жылдары ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Қаржы министрінің кеңесшісі, 2023 жылғы мамыр — 2024 жылғы ақпан аралығында Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды.

Қазіргі қызметін 2024 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.

Жарқынбек АМАНТАЙ, «Әділет» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылым депутаты

Жарқынбек АМАНТАЙ
Фото: Жарқынбек Амантайұлының Facebook-парақшасы

1988 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. 2010 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын филолог мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2010-2011 жылдары Павлодар қаласындағы Абай атындағы орта мектепте мұғалім, 2011-2013 жылдары «Сарыарқа самалы» облыстық газетінің тілшісі, 2013-2015 жылдары «Қазақстан Zaman» газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі, 2015-2019 жылдары «Регион Kz» облыстық газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. 2019-2020 жылдары Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры басшысының орынбасары, 2020-2021 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры, 2021-2022 жылдары «ШАҢЫРАҚ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының басшысы міндетін уақытша атқарушы болып еңбек етті. 2022-2023 жылдары Павлодар қаласындағы «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығының басшысы міндетін уақытша атқарушы, 2022-2026 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.

Қазіргі қызметін 2026 жылғы тамыздан бастап атқарып келеді.

2022 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.