11 қарашада барлық жан өзін жайсыз сезінеді

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері ғарыштық метеорология саласының мамандары Күн бетіндегі ең қуатты сәуле шашудың бірін байқады. Олардың ойынша, алдағы бірнеше күн ішінде біз аса қуатты геомагнитті дауылдың әсерлерін сезінетін боламыз,

11 қарашада барлық жан өзін жайсыз сезінеді

деп хабарлайды Утро.ру.

Сенбі, 6 қарашада Мәскеу уақытымен, шамамен кешкі сағат алты жарым кезінде Күн бетінде аса қуатты жарылыс болып, оның салдарынан үлкен көлемде плазма мен рентгендік диапазондағы күшті қарқынды сәуле шығарылды. Орташа алғанда мұндай дауылдардың зардаптарын Жер алғашқы 1-2 күн ішінде сезіне бастайды. Бірақ осы жолы жарылыс Күннің алыс бөлігінде орын алып, Күн бетіндегі дауыл Жерге тек 11-12 қарашаға қарай жете алады. Ол ғаламшардың магниттік алаңында күшті толқулар туындатады. Бұл - осы күндері адамдар денсаулығының күрт нашарлағанын сезінеді деген сөз.

Магнитті дауыл кезінде ағзаның биоритмі бұзылып, қайғылы жағдайлар мен жарақаттанулар көбеюі мүмкін.