11 қарашада Microsoft брендінің алғашқы смартфоны таныстырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Microsoft Lumia смартфондарының ресми блогында жаңа жабдық таныстырылымының мерзімі туралы ақпарат пайда болды.
Nokia брендінің орнына Microsoft бренді көрсетілетін аппаратты 11 қарашада таныстырады.
Осыған дейін жаңа смартфонның бейресми фотолары мен сипаттамасы жарияланған. Сол ақпаратқа сенсек, RM-1090 модельді нөмірлі аппараттың экраны 5 дюйм болмақ.
Процессор ретінде төрт ядролы, алайда аса шапшаң емес (1,2 ГГц) - Qualcomm Snapdragon 200 пайдаланылды. 1 ГБ жедел жад пен 8 ГБ қосымша жад орнатылды. Жабдық Microsoft Lumia 535 аталады деген болжам бар. Смартфонның құны туралы алдын ала болжамдар туралы әзірге хабарланбады.