11 қазан күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 11 қазанда болатын маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.
АСТАНА
10:00-де «Алтын Орда» бизнес-орталығында ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты Қазақстандағы медиацияның болашағын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізеді.
12:00-де «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық кешенінің баспасөз орталығында алдағы халықаралық күрес түрлерінен өтетін жарыстарға қатысу және «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметі жөнінде брифинг өтеді.
12:30-да ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау факторларын түсіндіруге арналған баспасөз брифингін өткізеді.
14:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі «Қазақстанда ана мен бала денсаулығын қорғауды нығайту» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізеді.
15:00-де ҚР Ұлттық музейінде көрнекті қазақ ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Сәкен жүріп өткен жол» атты дөңгелек үстел өтеді.
15:00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.