11 қазан күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын ауқымды антициклон анықтайды. Онымен жауын шашынсыз күн райы қалыптасады.
Еліміздің тек батыс өңірлерінде жаңбыр мен найзағай болжанады. Барлық өңірде – екпінді жел, оңтүстік пен оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Түнде Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.