11 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 11 қазанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

11 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

Сағат 8.30-да Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезі жалғасады.

9.00-де ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсе басшысының, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының, Бельгиядан, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Түркиядан, Ресейден келетін халықаралық спикерлердің қатысуымен Онкология және паллиативтік көмектің өзекті мәселелерінің кең аясы бойынша халықаралық біріккен конференция өтеді.

9.00-де Назарбаев орталығында «ЕҚЫҰ Қазақстан Республикасында 20 жыл: ынтымақтастық және жетістіктер» тақырыбында халықаралық конференциясы өтеді. 

9.30-да «The Ritz-Carlton» қонақ үйінде «Қазақстан мен ЭЫДҰ елдеріндегі инвестициялық және коммерциялық шиеленістерді шешу» атты халықаралық конференция өтеді.

09.30-да Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы басталады.

10.00-де ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматы облысының полициялық кадет сыныбының оқушыларымен кездеседі.

11.00-де Мәжілісте «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үкіметтік заң жобасының таныстырылымы өтеді.

12.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Шетелдік ғалымдардың көзқарасы бойынша Қазақстанды талдау және дамыту перспективалары» тақырыбында халықаралық конференция басталады.

12.00-де Абылай хан даңғылы 6/5 мекенжайында академик Рымғали Нұрғалидің құрметіне орнатылған мемориалды тақта салтанатты түрде ашылады.

17.00-де Whyndham Hotel қонақ үйінде Geneva Business School Kazakhstan ұйымдастырған "Бизнесті басқарудың жаңа үрдістері мен технологиялары: Стратегиядан сараптамаға" конференциясы өтеді.

АЛМАТЫ

9.00-де «Қазақстан» қонақ үйінде Қазақстан анестезиологтары мен реаниматологтарының ІІІ съезі өз жұмысын бастайды.

10.00-де ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бірлесіп, ҚР Кәсіпкерлік кодексін қолдануға арналған дөңгелек үстел отырысын өткізеді.

11.00-де Достық үйінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылауға арналған тақырыптық шара ұйымдастырылады.

15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «ВЕСЬ МИР» газетінің бас редакторы Юрий Кириницияновпен кездесу өтеді.