11 қазаннан бастап Астанадағы «Мега» ойын-сауық ауданында қозғалыс шектеледі

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Жол қызметтері Тұран көшесі бойынша Қорғалжын жолымен қиылыста қозғалысты шектейді («Мега» ойын-сауық орталығының маңы). Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Рашид Аманжолов мәлім етті.
None
None

«Бұл учаскеде желінің үзілуі орын алды. 11-14 қазан аралығында оң жағалаудан сол жағалауға қарай қозғалыс жабылады», - деді ол. Басқарма бастығының сөзіне қарағанда, жол қызметі желіні қалпына келтіріп, жол жабындысын төсегеннен кейін қозғалыс жанданады.

Соңғы жаңалықтар