11 кенші үйінді астында қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гондурастың оңтүстігінде кемінде 11 адам тереңдігі 80 метрге жуық шахта үйіндісінің астында қалды.
Келеңсіз жағдай ел астанасы Тегусигальпадан 110 шақырым жерде Чолутека департаментінде орын алды.
«Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, олар шахтаға кірген кезде кеншілердің дауыстарын естіген», - деп түсіндірді шұғыл әрекет ету қызметінің бастығы Сириако Диас.
Оның сөзіне қарағанда, аталған мәселе күрделі және адамдарды құтқару шаралары туралы әзірге шешім қабылданған жоқ.