11 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА
10.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы басталады.
10.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Астананың 20 жылдығына арналған «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» ІІІ халықаралық конгресін өткізеді.
11.00-де «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың төрағалығымен орта білім беру ұйымдарындағы жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жиналыс өтеді.
11.00-де Триатлон паркте «Денсаулық фестивалі» кең ауқымды акциясы басталады.
АЛМАТЫ
11.30-да Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кедергісіз орта құру мәселелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де Н. Дәулетова залында Қайсар Әлімнің алты кітабының - «Міржақыптың оралуы. Возвращение Миржакипа», «Безінген ләйлек», «Өз өрмегім» (ІІ-том), «Кайсар из Кызбеля», «Кайсар Алим» және жазушы туралы «Қалам киесі» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
15.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ақмола облысының командасы жедел медициналық жәрдем бригадаларының III республикалық жарысында 1 орынға ие болғаны туралы» брифинг өтеді.
Спикерлер: Ақмола облысы бойынша ұлттық оқу-клиникалық орталығының директоры - Мұстафаева Гүлмира Өскенбайқызы, Көкшетау қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары - Демин Михаил Павлович және фельдшер, команда капитаны - Теміржанов Бақытжан Теміржанұлы.