11 мамырдан бастап «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы ақылы болады

АСТАНА. KAZINFORM – 11 мамырдан бастап республикалық маңызы бар «Балқаш-Бурылбайтал» автомобиль жолының 1864-1955 шақырым аралығындағы учаскесі ақылы болады, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

Орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізгеннен кейін жол-көлік оқиғалары 8%-ға азайды
Фото: ҚазАвтоЖол

Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 91 шақырым, І-б санаты, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта екі жолақ.

Балама тегін жол «Балқаш – Қарағанды – Қарқаралы – Аягөз – Талдықорған – Көктал – Шонжы – Көкпек – Алматы – Құрты – Бурылбайтал» автомобиль жолы арқылы ұсынылады.

Жеңіл, автобус, жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.

-Сондай-ақ, төлемді кейін немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Қазақстанның ақылы жолдарында кімдер тегін жүре алатыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар