11 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.00-де Hilton Astana қонақ үйінде Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы және «Kazakhstan Machinery Fair 2023» машина жасау және металл өңдеу жөніндегі халықаралық мамандандырылған көрмеде ҚР Үкіметі мүшелерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтеді.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді. Күн тәртібіне «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қаралады.
10.00-де Назарбаев Университеті технопаркінде Қазақстанда және Орталық Азияда коронарлық стенттер мен баллондар шығаратын алғашқы зауыттың ашылуы өтеді.
11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі елордалық департаментінің есептік брифингі өтеді.
Спикер: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тимур Каленов.
Онлайн баспасөз-конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
15.00-де Qazpatent ғимаратында Халықаралық валюта қорының «Өңірлік экономиканың перспективалары: Таяу Шығыс және Орталық Азия» баяндамасының тұсаукесері өтеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Машина жасаушылар форумының қорытындысы» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Оспанов Ілияс Есетұлы; Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы.
Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.
16.00-де Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.
19.00-де «Астана Балет» театрында кішкентай балет жұлдыздарының есеп беру концерті өтеді.
19.00-де «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Музыкалық контрастар кеші» атты классикалық музыка концерті өтеді.