11 мамыр күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

11 мамыр күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА

11.00-де Hilton Astana қонақ үйінде үшінші халықаралық BI Marathon шарасына дайындық бойынша баспасөз мәжілісі өтеді.

11.00-де Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы С-409 көшесінде жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтеді.

14.30-да Астана қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Менің табысымның тарихы - елімнің табысының тарихы» атты шығармашылық кездесу өтеді.

15.00-де «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен отырыс өтеді.

15.00-де Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «№79 мектеп-лицейінде» «Әкелер кеңесінің» әлеуметтік ортадағы маңызын анықтау және дамыту мақсатында «Әкелер кеңесі» жұмысының маңызы мен болашағы» тақырыбында қалалық әкелер жиыны өтеді.

АЛМАТЫ

10:00-де ҚР Орталық мемлекеттік музейінде халықаралық «Х Оразбаев оқулары» ғылыми-методикалық конференциясы өтеді.

10:00-де Оқушылар сарайына «Бала дауысы» ән байқауының іріктеу кезеңінің финалы ұйымдастырылады. 

11.00-де Сарқан ауданындағы «Абдрахманов» ШҚ-ның егіс алқабында облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің қатысуымен «Егінжай күніне» орай майбұршақ себу алдында топырақты өңдеу мен гербицидтерді дұрыс қолдану технологиялары туралы семинар-кеңес өткізіледі.

11.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында қалалық мәдениет қызметкерлерінің «Рухани қазына» атты форумы өтеді.

11:00-де Талдықорған қаласының «Рухани жаңғыру» орталығында экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ерлан Арын дәріс өткізеді.

19:00-де «Алматы - жылы қала» атты қалалық декоративті безендіру байқауы қорытындыланады.

АҚТӨБЕ

09:30-да  «Өнер орталығында» «Әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және ҮЕҰ серіктестігі» атты әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша Қазақстандағы алғашқы халықаралық форумының ашылуы болады.

14.00-де Ақтөбе мемлекеттік университетінің спорт кешені Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне облыстық іріктеу жарысы өткізіледі.

ҚЫЗЫЛОРДА

11-12 мамыр күндері Жаңақорған ауданында ІV облыстық малшылар слеті өтеді

ОҚО

10:00-де «Көрме» орталығы «Оңтүстік Қазақстан-Өзбекстан тоқыма өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі» өтеді. Көрмеге облыстық және өзбекстандық 60-қа жуық кәсіпорын қатысады деп жоспарлануда.

11:00-де ОҚО Кәсіпкерлер палатасында «Алтын сапа-2018» - бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Онда журналистерге ҚР Президентінің «Алтын Сапа-2018» сыйлығы және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысу шарттары мен енгізілген өзгерістер түсіндірілетін болады.

Бәйдібек ауданында Орынбай Таймановтың 150 жылдығына байланысты республикалық ақындар  айтысы және  «Боралдайдың бозторғайы - Орынбай» атты жиын өтеді. Осы күні Орынбай Таймановтың ескерткіші ашылады.

СЕМЕЙ

16.00-де  «Спартак» стадионында жеңіл атлетикадан қалалық чемпионат басталады.

ҚОСТАНАЙ

15.00-де Өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Қостанай облысы арасындағы әріптестікті дамыту мәселелері бойынша жиын өтеді.