11 мамырда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 11 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ауыл шаруашылығы өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов. Көрсетілім сілтемелері:
https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
11.00-де Sheraton Nur-Sultan қонақ үйінде «Ready4Trade Орталық Азия» жобасы аясында Орталық Азиядағы сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша «Ұлттық жол карталарынан өңірлік реформаларға» өңірлік кеңесі өтеді.
15.00-де Нұрлы-Орда бизнес орталығында «Sarap» эксперттік клубы «Конституциялық реформа: мемлекеттік басқаруды трансформациялау» тақырыбында отырыс өткізеді.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Шәмші» элегиясы көрсетіледі.
19.00-де Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында «Ne prosto orchestra» ұжымы «Наруто» мен «Аватар» анимелерінің саундтректерін ұсынады.