11 маусым. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 11 маусымға арналған күнтізбесін ұсынады.
11 маусым, СӘР СЕНБІ
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
4 20 жыл бұрын (1594) Тәуекел хан жіберген қазақ елшілігі Мәскеуге барды. Патша үкіметі Көшім ханмен қақтығысып қала берген соң, тағы да өзіне одақтас іздей бастады. Ол одақтас Ресеймен вассалдық қатынасқа түскен қазақ жері ғана бола алатын еді. Бұл кезде Қазақстанға Бұқар хандығы қауіп төндіре бастаған болатын. Сондықтан да бұл одақтастық екі жаққа да тиімді еді.
9 6 жыл бұрын (1918) «Алаш» қазақ ұлттық қозғалысы кеңес үкіметінің Қазақстан аумағындағы барлық декреттерін заңсыз деп жариялады.
2 3 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу мемлекеттік комитеті құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы қаңтардың 11-індегі Жарлығымен аталмыш комитет Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды.
2 2 жыл бұрын (1992) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының әскери соты және әскери прокуратура органдары туралы» қаулысы қабылданды.
1 5 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы жарияланды.
13 жыл бұрын (2001) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елордадағы жаңа нысандар: Есіл өзені үстімен өтетін автомобиль көпірінде, «Мастер» құрылыс материалдар орталығында, Қазақ мемлекеттік заң академиясының филиалында болды.
1 2 жыл бұрын (2002) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысының Целинный ауданын Ғабит Мүсірепов атымен атау туралы Жарлыққа қол қойды.
7 жыл бұрын (2007) Өскеменнің төрт орталық көшесі жаңа атаулармен өзгертілді. Бұрынғы Ленин даңғылы - Тәуелсіздік даңғылы, Қызыл Қыран жағалауы - Александр Протозанов атындағы көше деп аталды. Текстильщиктер даңғылы - академик Қаныш Сәтбаевтың, Ермак көшесі - Жақыпбек Малдыбаевтың есімдеріне ие болды.
Бұдан басқа қаланың орталық алаңы - Республика алаңы, ал қалалық саябақ - «Жастар» саябағы деп аталды. Қаланың тағы бір көшесі Панкратьев бағының негізін қалаған Густав Винтениустің, солтүстік жағалауда салынып жатқан жаңа даңғыл Ілияс Есенберлиннің есімдерін иеленді.
7 жыл бұрын (2007) Ресейде семейлік жазушының «Сталин - разгадка Сфинкса» атты кітабы жарық көрді. Кітаптың авторы Марат Ахметов - бұрынғы журналист, біздің республикамызда КСРО-ны басқарған тарихи адамдар туралы жазатын адамдардың бірден бірі.
«Сталин - разгадка сфинкса» кітабында Иосиф Джугашвили басқа тұрғыдан бейнеленген. Кітап автордың екі ел мұрағатында ізденіс жұмыстарын өткізіп және Сталинді жеке таныған адамдармен кездесу нәтижесінде жасалған хроникалық-деректі шығарма болып табылады.
6 жыл бұрын (2004) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.
5 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қостанай облысы Рудный қаласында «ССКБӨБ» АҚ №6 ТЭЦ-і энергоблогы іске қосылды. Жобаның құны - 8241,3 млн. теңге, ал қуаттылығы - 63 МВт.
4 жыл бұрын (2010) Ташкент қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Мемлекет басшылары кеңесінің 10-шы мәжілісі аяқталған соң ШЫҰ-ға төрағалық Өзбекстаннан Қазақстанға өтті.
Елбасының айтуынша, ШЫҰ-ның төрағасы ретіндегі Қазақстанның іс жүзіндегі қадамдары Ұйымға мүше елдердің көп профильді ынтымақтастығын тереңдету жөніндегі ортақ күш-жігердің мұрагерлігін қамтамасыз етуге бағытталады.
1 жыл бұрын (2013) АҚШ-тың НВО жетекші спорттық телеарнасы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин туралы деректі фильм түсірді.
Ролик WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионының америкалық Габриэль Росадоға қарсы кездесуге екікүндік әзірлігіне арналған. Жекпе-жек 19 қаңтар күні Нью-Йоркте Г. Головкиннің жеңісімен аяқталды.
14 минуттық түсірілімге жаттықтырушының, промоутердің және қазақстандық спортшының сұхбаты енген.
ЕСІМДЕР
7 6 жыл бұрын (1938) жазушы, аудармашы, режиссер ЖЫЛҚЫБАЕВ Эдуард дүниеге келді.
Мәскеу қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Мектепте, көркемсурет училищесінде ұстаздық еткен. Халық театрында режиссер, Суретшілер одағында аға референт, Қазақ теледидарында Бас редактордың орынбасары, «Нива» журналында редактор болған. Қазір «Казахстанская правда» газетінде бөлім меңгерушісі. Алғашқы мақалалары 1956 жылы жарық көрген. «Мартовский снег», «Долгая работа», «Любовь хулигана. Сергей Есенин и Агуста Миклашевская», «Собственность автора» атты кітаптары жарық көрген. Жазушы Ж.Тілековтің, Н.Ақышевтің кітаптарын, Т.Мамасейітовтің әңгіме, повестерін аударған.
7 5 жыл бұрын (1939-2000) кинооператор, кинорежиссер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі БАЙҰЗАҚОВ Алмас Хасенұлы дүниеге келді.
Ол «Советтік Қазақстан» киножурналы үшін 100-ден аса сюжет, 20-дан аса фильм түсірді. Олардың көпшілігі бүкілодақтық кинофестивальдарда жүлделі орындарға ие болып, жақсы бағасын алды. Кинопублицистиканың озық үлгісі болып табылатын өзінің көптеген хроникалық-деректі фильмдеріне елінің тарихы мен еліне елеулі азаматтардың ғұмырын арқау өтті. А.Байұзақов «Сәкен Сейфуллин. өмірі мен өнері», Л.Мирзоян туралы «Партия мен халыққа жау болған жоқ», чекист С.Жақыпов тралы «№ 0239-шы істің парақтары» атты фильмдер түсірді.
7 5 жыл бұрын (1939) медицина ғылымының докторы, професссор ОМАРОВ Тарих дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Мәскеудегі Туберкулез аурулары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. Ол Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында, Мәскеудегі Туберкулез аурулары ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген. Ғалымның 200-ден астам ғылыми жарияланымы жарық көрген.
6 8 жыл бұрын (1946) «Шығыс-Батыс» корпоративтік қорының атқарушы директоры, Ішкі қызмет полковнигі, заң ғылымының кандидаты УӘЛИЕВ Хасан Құсайынұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған. Семей жеңіл өнеркәсіп техникумын, Бүкілодақтық тоқыма және жеңіл өнеркәсіп сырттай оқыту институтын, КСРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Еңбек жолын Семей тері-мех бірлестігінде дәнекерші-реттеуші болып бастап, Семей облыстық «Суарнақұрылыс» басқармасының дәнекершісі, Тұрмыстық қамсыздандыру басқармасының аға инженері, Крупская атындағы тігін фабрикасының бас инженері, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болған. 1984-1990 жылдары - Семей облыстық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасы Еңбекпен түзеу мекемесінің бөлім бастығы, басқарма партия комитетінің хатшысы. 1990-1993 жылдары - Атырау облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары. 1993-1994 жылдары - Қарағанды облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Бас қылмыстық түзету жүйелері басқармасы бастығының бірінші орынбасары, бастығы. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық түзету жүйелері департаментінің директоры. 1998-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр және тәрбие жұмыстары департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2001 жылдың қазан айынан бастап істейді.
6 7 жыл бұрын (1947) М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі ЖАНҒАЛИЕВА Бақыт дүниеге келді.
Ақтөбе облысының Шалқар ауылында туған. Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін және Құрманғаз атындағы өнер инситутының актерлік факультетін бітірген. Спектакльдерде және кинофильмдерде көптеген рөлдерді сомдады.
ҚР еңбек сіңірген әртісі. «Құрмет» орденімен марапатталған. Б.Римова атындағы фестиваольдің лауреаты.
6 3 жыл бұрын (1951) Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі, генерал-майор УАЖАНОВ Тұрсын Үшбайұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында туған. КСРО МҚК-інің Феликс Дзержинский атындағы Жоғары шекаралық-командалық училищесін, КСРО МҚК-інің Қызыл Тулы институтын бітірген. 1972-1979 және 1982-1985 жылдары - КСРО МҚК-інің Шығыс шекара округі Зайсан шекара отрядының офицері, аға офицері. 1985-1987 жылдары - Шығыс шекара округі Күршім шекара отрядының бөлім бастығының орынбасары. 1987-1993 жылдары - Үшарал шекара отряды бастығының орынбасары - бөлім бастығы - жедел бөлім бастығының орынбасары, бастығы. 1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Шекара әскерлері штабы бастығының орынбасары - Ақпараттық-сараптама бөлімінің бастығы, Шекаралық бақылау бөлімінің бастығы. 1995-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетінің штаб бастығының орынбасары - Шекаралық бақылау басқармасының бастығы. 1998-1999 жылдары - Мемлекеттік шекараны қорғау күштері Бас штабы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Сыртқы қатынас қызметінің бастығы. 1999-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы ҰКК Шекара қызметі директорының орынбасары - Бас басқарманың бастығы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, КСРО-ның бірнеше медальдарымен, 2-ші дәрежелі «Шекара әскерлерінің үздігі» белгісімен, «Интернационалшы жауынгерге ризалықты ауған халқынан» медалімен марапатталған.
5 7 жыл бұрын Қостанай облысы әкімінің орынбасары БЕКТҰРҒАНОВ Серік Шыңғысұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысы Жаңа-Арқа ауданының Атасу станциясында туған. 1979 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін физика пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. 1979 жылы Рудный индустриалдық институтының оқытушысы. 1981 - 1984 жылдары Қостанай құрылыс техникумы комсомол комитетінің хатшысы. 1984 - 1986 жылдары Қостанай қалалық комитетінің бөлім меңгерушісі.1986 - 1988 жылдары. Қостанай құрылыс техникумының оқытушысы.1988 - 1991 жылдары Қостанай қалалық комсомол комитетінің екінші, бірінші хатшысы. 1991 - 1993 жылдары Қостанай қаласы, «Социальная служба молодежи» қауымдастығы төрағасының орынбасары, төрағасы. 1993 - 1995 жылдары Қостанай қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары 1995 - 1997 жылдары Қостанай қаласы әкімінің орынбасары. 1997 - 2001 жылдары Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2001 - 2005 жылдары Қостанай қаласы, «Стомед» ЖШС коммерциялық директоры. 2005 жылы Қазақстан Республикасы агенттігінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы - Қазақстан Республикасы агенттігінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері тәртіптік кеңесінің төрағасы. 2005 жылдан осы кезге дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары «Астана», «Қазақстан Республикасынын тауелсiздiгiне 10 жыл» медальдарымен марапатталған. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі».
4 7 жыл бұрын (1967) ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі РОМАНОВСКАЯ Светлана Юрьевна дүниеге келді. Ресей Федерациясының Новосібір облысында туған. Халық шаруашылығы институтын, Халық шаруашылығы академиясын, «Әділет» жоғары құқық мектебін бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. Халық шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін «Әуезов аудандық азық-түлік саудасы» мемлекеттік кәсіпорнында көтерме және бөлшек сауданы ұйымдастыру мен басқару меңгерушісі болды. 1992 - 1994 жылдары - «Сайран» ЖШС бас бухгалтері. 1996 жылдан бастап - «Мінсіз бизнес кәсіпорындары қауымдастығы» тәуелсіз аралық сотының төрайымы. 2001 жылдан бастап - «Үйретуші бапкерлер лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігі басқармасының төрайымы. 2001 - 2003 жылдары - «Әділет» жоғары құқық мектебі, азаматтық құқық кафедрасының доценті, «Тұтынушылар құқықтары заңы саласындағы тәжірибелік-теориялық негіздер» пәнінің оқытушысы. 2001 - 2011 жылдары - «BBC R Group» ЖШС бас директоры. 2003 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі. 2005 жылдан бастап - «Қазақстан Тұтынушылар лигасы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрайымы. 2005 жылдан бастап - «Әлеуметтік жауапты бизнеске» ISO 26000 беру бойынша Дүниежүзілік ISO Ашық комитетінің өкілі. 2005 жылдан бастап - Санкт-Петербург Мемлекеттік университетінің дауларды шешудегі делдалдық өкілі, медиатор. 2005 жылдан бастап - Зерттеу және дауларды шешу институтының (CR) халықаралық дауларды шешудегі делдалдық өкілі, медиатор. 2007 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі. 2010 жылдан бастап - «Медиация» Бітімгершілігі және Медиация бірыңғай орталығы» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрайымы, оқытушы. 2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «2007 - Жыл әйелі», Аса көрнекті үлесі және кәсіби жетістіктері үшін американдық өмірбаяндық институтының ескерткіш медалімен, Астана қаласының «Ажар» Қазақстан әйелдері жетістіктерін қоғамдық тану туралы ұлттық сыйлығымен марапатталған. Мемлекеттік, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардан алған алғыстары бар.
4 3 жыл бұрын (1971) Қостанай облысы әкімінің орынбасары ДӘРІБАЕВ Мұрат Амангелдіұлы дүниеге келді.
1971 жылы туған. 1996 жылы Алматы автомобиль-жол институтын «инженер-құрылысшы» біліктілігі бойынша «үздік» және 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «экономист» мамандығы бойынша «үздік» бітірген. 1989 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейін КСРО Қарулы күштерінде әскери борышын өтеді. Еңбек жолын 1996 жылы «АВС-Парфюм» акционерлік қоғамында экономист ретінде бастады. 1997 жылдың наурызынан 2000 жылдың қаңтарына дейін Экономика және сауда министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтуның экономисті, ғылыми қызметекері, кейін - сектор меңгерушісі. 2000 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлім секторының бас сарапшысы, кейін - меңгерушісі. 2002 жылдың қарашасынан 2003 жылдың шілдесіне дейін Индустрия және сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау комитеті төрағасының орынбасары. 2003 жылдың шілдесінен 2004 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің департамент директоры. 2004 жылдың желтоқсанынан 2005 жылдың сәуіріне дейін Индустрия және сауда министрлігінің департамент директоры. 2005 жылдың сәуірінен 2006 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңес хатшылығының бас инспекторы. 2006 жылдың қарашасынан 2007 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Президент Іс басқармасы «Бүркіт» Мемлекеттік әуе компаниясы» РМК директорының бірінші орынбасары. 2007 жылдың қарашасынан 2008 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлім меңгерушісінің орынбасары.
2008 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы наурыздан бері.
1 50 жыл бұрын (1864-1949) неміс композиторы әрі дирижері, Берлиндегі Өнер академиясының мүшесі, опера және симфония дирижерлерінің көрнекті өкілдерінің бірі ШТРАУС Рихард дүниеге келді.
Ол Ф.Лист пен Г.Берлиоздың бағдарламалық симфонизмі дәстүрін, Р.Вагнердің оркестрлік тәсілін онан әрі дамытты. Оның симфониялық шығармалары бейнелі музыка тілімен әрі өткір бейнелеу тәсілімен ерекшеленеді. Штраус - 14 операның, 4 симфонияның, 6 бағдарламалық симфониялық поэманың, концерттердің, камералық аспаптық шығармалардың, хор, әндердің авторы.
10 4 жыл бұрын (1910-1997) францияның атақты мұхит зерттеушісі, кинорежиссер, өнертапқыш, фотограф, Франция академиясының мүшесі КУСТО Жак Ив дүниеге келді.
Францияның Сен-Андре-де-Кюбзак қаласында туған. Францияның теңіз академиясын бітірген.
1943 жылы Эмиль Ганьянмен бірге аквалангты ойлап тауып, оны сынақтан өткізді.
Кусто «Калипсо» кемесімен мұхиттың графикалық зерттеулерін жүргізді. Фредерик Дюмамен бірлесіп жазған «В мире безмолвия» атты кітабы Кустоға атақ алып келді. 1956 жылы кітап бойынша түсірілген фильмі «Оскар» және «Золотая пальмовая ветвь» сыйлығын иеленді.
1957 жылдан Монакодағы Мұхиттану институтының директоры болды. Бүкіләлем көрермендеріне кеңінен танымал фильмдердің авторы. 1973 жылы теңіз ортасын қорғау коммерциялық емес «Кусто қоғамын» құрды.
«Тірі теңіз», «Дельфиндер», «Жак Кусто: мұхит әлемі» кітаптарының авторы.