11 маусым. Туған күн иелері
ЕСІМДЕР
6 5 жыл бұрын (1958) «Агрофирма «Родина» ЖШС бас директоры, құрылтайшысы, Қазақстанның ет-сүт одағының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Адамович САУЭР дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығы өндірісін тетіктеу мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1980 жылы Целиноград ауданы «Красный флаг» кеңшарында бригадир болып бастаған. 1985-1987 жылдары «Красный флаг» кеңшарында бас инженер, 1987-1994 жылдары Целиноград ауданы «Родина» кеңшарының директоры, 1994-1996 жылдары «Родина» жеке отбасылық кәсіпорнының директоры, 1996-2005 жылдары «Родина» өндіріс кооперативінің директоры.
2005 жылдың мамыр айынан бері қазіргі қызметінде.
«Отан» (2011), «Парасат» (2005), «Достық» (1996) ордендерімен, «Шапағат» (2000), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) «Тыңға 50 жыл» (2004), «Астанаға 10 жыл» (2009), «Қазақстан полициясына 20 жыл» (2012), «Жеңістің 60 жылдығы» (2005) медальдарымен және т.б. марапатталған.
5 9 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Дәуренбекұлы НҰРДӘУЛЕТОВ дүниеге келген.
Алматы облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заңгер мамандығын бітірген (1986).
Еңбек жолы: ұжымшар заңгері (1987-1990); прокуратура органдарындағы қызмет (1990-1996); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің органдары (1996-1997); Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары (1997-2007); Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық департаментінің бастығы (2007-2017). 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары. 2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуроры.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың ақпанынан атқарып келеді.
Екінші дәрежелі «Айбын», «Даңқ» ордендерімен марапатталған.