11 мың әйел алимент төлеп жүр

АСТАНА. KAZINFORM – Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствоның баспасөз мәслихатында алимент борышы туралы ресми статистиканы атады.

 алимент
Фото: Freepik

«Бүгінгі таңда республика бойынша сот орындаушыларының орындауында алимент өндіріп алу туралы 322 мың атқарушылық іс бар. 322 мың атқарушылық іс бойынша 311 мыңнан астам борышкер ер азамат болса, 11 мыңнан астам борышкер әйел бар. Биылғы 9 ай ішінде 33 млрд теңге сомасына 25 мың өндіріс проблемалы болып танылды. Яғни борышкер алименттерін тұрақты түрде төлемейді. Дегенмен Әділет министрлігінің атқарған ауқымды жұмысының нәтижесінде биыл 7 млрд теңге сомасына алимент бойынша берешек өндірілді. Алимент туралы өндірістердің 95,6%-ы бойынша өндіріп алу ай сайын жұмыс берушілердің бухгалтерлік қызметтері арқылы жүзеге асырылады», - деді ресми өкіл.

Ресми мәлімет бойынша, сот орындаушылары алимент берешегі бар 7 мыңнан астам борышкердің елімізден шығуына уақытша шектеу қойған. Жалпы жыл басынан бері 3 484 борышкер әкімшілік, 291 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Соңғы жаңалықтар