11 наурыз. Туған күн иелері
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 11 наурызда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Алматы облысының Жамбыл ауданы Самсы ауылында туған. 1971 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, 1987 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1971-1977 жылдары Алматы облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің дәрігер-интерні, Жамбыл аудандық туберкулез ауруханасында дәрігер-фтизиатр, Жамбыл аудандық емдеу бірлестігінің Дегерес бөлімшелік ауруханасының бас дәрігері. 1977-1983 жылдары ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу-профилактикалық жұмысы Бас басқармасының дәрігер-инспекторы, коллегия хатшысы, кадр бөлімінің бастығы. 1983-1987 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің Ғылым және оқу орындары бөлімінің нұсқаушысы. 1987-1992 жылдары Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 1992-1994 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары. 1994-1996 жылдары ҚР Қызыл Крест және Қызыл Ай Қоғамының (2002 жылдан бастап ҚР Ұлттық Қызыл Ай қоғамы) бас директоры, 1996 жылдан бастап президенті қызметін атқарады. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» (1997), «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» (1998). «Алтын Адам – Жыл Адамы» фестиваль-конкурсының «Қазақстанның 2000 жылғы Қоғам қайраткері» номинациясының жеңімпазы.

Алтай өлкесінде (РФСР) туған. Семей құрылыс техникумын, техник-құрылысшы (1982); Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін инженер-экономист (2002) бітірген.
Еңбек қызметі: Алтай өлкесі Угловский ауданы Калинин совхозының жұмысшысы (1977); «Промстрой» тресінің монтаждаушысы, оқшаулаушысы, слесарі (РФ) (1982-1984); «Казпротехмонтаж» тресінің прорабы (1984-1991); «Зергер» КФК МП директорының орынбасары (1991-1998); Семей ет-консерві комбинатының вице-президенті (1998-1999); Парламент Мәжілісінің депутаты II сайланған Қазақстан Республикасы); III сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің «Еңбек» депутаттық тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің «Ауыл» депутаттық тобының мүшесі (2004-2007); IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі (2007-2011); V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы (2012-2016).
Атқаратын лауазымында – 2021 жылғы қаңтардан бастап.
«Құрмет» (2005) орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Қазақстан полициясына 15 жыл», «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 1983-1989 жылдары – Қарағанды облыстық прокуратурасында стажер, тергеуші, аға тергеуші. 1989-1991 жылдары – Қарағанды облысы прокурорының көмекшісі. 1991-1992 жылдары – Қарағанды облысы прокуратурасының аға тергеушісі. 1992-1993 жылдары – «Қарағанды Тұрғын үй» №3 Қарағанды кірпіш зауытының заңгері. 1993-1994 жылдары – Кеңес халқының аудандық сотының халықтық соты. 1994-1997 жылдары – Қарағанды қалалық сотының судьясы. 1997-1999 жылдары – Қарағанды облысы заң басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жылдары – Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы. 2002-2006 жылдары – Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы. 2006-2009 жылдары – Астана қаласы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының төрағасы қызметтерін атқарған. 2009-2014 жылдары Астана қалалық сотының судьясы. 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Қостанай облысында туған. 1989 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1982 жылы Торғай облыстық мемлекеттік еңбек жинақ кассасы басқармасында сигнализация бойынша инженер болып бастаған. 1989-1991 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік аграрлық өнеркәсіп комитеті Арқалық ет комбинатында заңгер-кеңесші, 1991 жылы Торғай облыстық әділет басқармасының кеңесшісі, 1991-1994 жылдары Арқалық қалалық прокурорының аға көмекшісі, 1994-1995 жылдары Торғай облыстық прокуратурасының прокуроры, 1995-1997 жылдары Торғай облыстық сотының судьясы, 1997-1998 жылдары Ақмола облыстық сотының судьясы, 1998-2002 жылдары Астана қалалық сотының судьясы болған. 2002 жылдың сәуірінен – қазіргі қызметінде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Халықаралық қатынастар саласы маманы. Дипломатиялық дәрежесі – бірінші сыныпты кеңесші. Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хаттама басқармасының референті, атташесі, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің атташесі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары болып қызмет істеген. 2007-2011 жылдары Сенат аппаратының басшысы болып қызмет атқарды. 2011 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры. Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) ҚР Тұрақты өкілдігінде кеңесші уәкіл (2011-2014); ҚР Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары (2014-2016). Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (2016 жылғы наурыздан), Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (2017-2019) міндетін қоса атқарушы болды. ҚР Президентінің көмекшісі (2019-2021). Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2021-2022); ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының Бірінші орынбасары (01.2022-02.2022). Қазіргі қызметінде 2022 жылдың ақпан айынан бастап.