11 наурызда еліміздің бірқатар облыстарында жел күшейіп, тұман түседі - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел аумақтарының басым бөлігі 11 наурыз күні антициклонның ықпалында болады, күн ашық, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Тек ауа ағындарының әсерінен солтүстік пен шығыста кей жерлерде аздап қар жауып, күн бұрқасындатады, көктайғақ. Республика бойынша бірқатар жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түседі. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстанда, күндіз Жамбыл, Атырау облыстарында кей жерлерде желдің күштілігі 15-20 м/с-қа дейін барады. Маңғыстау облысында кей жерлерде шаң көтеріліп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар жерлерінде бұрқасын болады, ал күндіз күші 15-20 м/с-қа дейін жететін жел соғады. Сондай-ақ Павлодар облысында да екпіні 15-20 м/с болатын жел күтіледі.