11 наурызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 11 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Пушкин көшесі, 42 мекенжайындағы жүк қоймасынан Қазақстан халқынан Украина халқына 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Шараға Украинаның Қазақстан Республикасындағы елшісі Петр Врублевский отбасымен бірге қатысады.
10.00-де Әділет министрлігі Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесіп, адвокаттық қызметтегі өзекті мәселелер және оларды шешу жолын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырады.
11.00-де Кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді.
14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның су саласының жағдайы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов, «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары Серік Сайыров, Үлкен Алматы каналы филиалының директоры Серікқали Мұқатаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханада «Юнус Эмренің таңдамалы өлеңдері кітабының» тұсаукесері өтеді.
15.00-де ҚР Ұлттық музейінде КСРО халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Р. Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән өнерінің падишасы» атты көрме және дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
15.00-де «Big Шанхай» сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады.
19.30-да «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Рояль және оркестр» атты симфониялық концерт өтеді.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Туған күн» комедиясы қойылады.