11 сәуір. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 11 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 сәуір. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

Ауқымды антициклон ҚР территориясының басым бөлігінде жылы, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте – дауыл, батыста – тұмман күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде солтүстігі мен оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.

Күндіз Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, таулы, тау бөктерлі аудандарында желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Қостанай облысыныңтүнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі, оңтүстігінде тұман, найзағай күтіледі. Қарағанды облысының батысында найзағай, батысы, шығысы, мен орталығында желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл, орталығы мен оңтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-батысы, батысы мен таулы аудандарында желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі, күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде Атырау облысының батысында тұман күтіледі.