11 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 сәуір күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде – алдағы жылыту мауысымына дайындық барысы талқыланады.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.
10.00-де ҚР Ұлттық музейінде Амангелді Имановтың 150 жылдығына арналған «Халық батыры» көрмесі ашылады.
11.00-де Sputnik Қазақстан редакциясында видео түсіретіндер үшін, соның ішінде әлеуметтік желілер үшін шеберлік сағаты өтеді.
14.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Күлтегін атриумында ҚР Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында XV-XIX ғасырлардағы қазақ мемлекетінің көне еуропалық және америкалық карталарының галереясы ашылады.
15.00-де Astana Hub платформасында Әділет министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, «Цифрлық нотариат» атты жаңа жобаны таныстырады.
17.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Астықты автокөлікпен әкелуге тыйым салу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Тасжүреков Ербол Қуанышұлы; ҚР АШМ Егіншілік департаментінің директоры Сұлтанов Азат Сиражиддинұлы; «Қазақстанның астық өндірушілері одағы» ЗТБ төрағасының орынбасары Омаров Қазыбек Опабекұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
18.00-де Жастар театрында «Күйеу бала» драмасы қойылады.
19.00-де Astana Opera театрында «Армандар орындалады» балет кеші өтеді.