11 шілдеде Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы, ұйытқыған жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Ақмола, Қарағанды, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с-қа күшейеді Батыс Қазақстан облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында, күндіз Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде қатты ыстық болады.

Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар