11 тамыз күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, Атырау облысында екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей аумақтарында шаңды дауыл болып, желдің күші 15-20 м/с артады.
Жамбыл, күндіз Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының, түнде Павлодар облысының кей жерлерін тұман басады.
Сондай-ақ күндіз Алматы, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.