11 тамыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 11 тамыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде еліміздегі қазіргі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, сонымен бірге оқу жылының басталуына дайындық барысы қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.
16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Медицина ғылымдарының магистрі, ҚР ДСМ Стационарлық және стационарлық-алмастырушы медициналық көмек басқармасының бас сарапшысы Айма Сағындықова, Медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Марал Рақымжанова, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов және Нұр-Сұлтан Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова.