11 жасар алматылық Италиядағы байқауға қатысады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 11 жастағы Алматы тұрғыны Аделина Мұхаметжанова Эннио Морриконенің «Nella Fantasia» композияциясын орындап, «Festival & Contest» байқауының жүлдесіне ие болды. Енді ол Италияда өтетін халықаралық байқауда бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Festival & Contest» байқауында әуезді үнімен көзге түскен алматылық қыз «Festival & Contest» қауымдастығының президенті Кристина Карочеттидің қолынан шақырту алды.
Жас әнші Open International Auditions 2020 академиялық вокал байқауында бақ сынайтын болды.
Дүбірлі дода 2020 жылы 30-31 наурызда Малатеста театрында өтеді.
«Жаңадан бастап келе жатқан вокалист үшін Open International Auditions байқауына шақырту алу - үлкен мәртебе. Кәсіби шеберлердің пікірін тыңдау, тәжірибесін түсіну, халықаралық деңгейдегі педагогтардың ақылына ұю өте үлкен жетістік. Аделина классикалық музыканы жақсы көреді, байқауға тыңғылықты дайындаламыз», - деді қыздың анасы Найля Суженоа.
Аделина Мұхаметжанова - SanremoJunior 2018 байқауының лауреаты, Елены Образцова байқауындағы Николай Цискаридзенің арнайы сыйлығының иегері.