11 жасар «Пикассо»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Газа секторында 11 жасар мектеп оқушысы өз дарынымен көпке танылды: ол ересек қылқалам шеберлеріндей өте көркем суреттер сала алады.
Оқушының еңбектері үкіметтік мекемелерде, көрмелерде ілініп тұр. Оның сурет салу мәнерін жұрт Пикассомен салыстыруда, деп хабарлайды НТВ.
Мухаммед Крека нағыз жұлдызға айналды, өз мектебінде ол өте танымал. Газа секторы журналистерінің артынша көпшілік қауым да оны «араб Пикассосы» деп атауда.
Сурет пәнінің оқытушысы: «Мухаммед суретті жақсы салып қана қоймайды, мұны ол көркем ЖОО-лардағы үлгілі студенттердің деңгейінде салады» дейді.
Мухаммед Креканың картиналары мен суреттерінің салу техникасы, тақырыбы, көңіл-күйі әралуан, саны - бірнеше жүз болады. Баланың еңбекке қабілеті таңқаларлықтай. Осы әрекетімен ол Пикассоға қатты ұқсайды. Ол өмірінде 20 мыңға жуық еңбек қалдырған. Балғын суретшіде дербес шағын көрмелері бар.
БҰҰ инспекторы палестиндік суретшілер қауымдастығының төрағасы Исам Хиллис: «Әрине, Мухаммедті Пикассо деп атау - асыра айтқандық. Бірақ оның өте дарынды бала екендігінде, керемет мықты суретші болатынына күмәнім жоқ» дейді.