11 жастағы бала шыны сынығымен қолына ғашығының есімін жазған

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 11 жастағы бала шыны сынығымен қолына ғашығының есімін жазған, деп хабарлайды Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

11 жастағы бала шыны сынығымен қолына ғашығының есімін жазған

Алайда анасына және полицейлерге «Аружан» есімін қолына қаскөйлер тырнап жазды деп жалтармақ болған.

Кішкентай «Ромео» өз анасына денесіндегі жазуды беттеріне бетперде киген біреулер оны ұстап алып, күшпен салды деп түсіндірген. Осыдан кейін, «жәбір» көрген баланың анасы прокуратураға шағымданған. Бала прокуратура қызметкерлеріне анасына берген жауапты айтып береді.

 «Махаббат ісін» жасөспірімдер инспекторы, полицияның аға лейтенанты Ғазиз Аманжолов ашуға көмектесті. Өзара сенімге құралған сұхбат барысында жас «Ромео» жазғы лагерьде Аружан есімді қызға ғашық болып, қолына оның есімін тырнап жазу арқылы өз махаббатын білдіруге тырысқандығын мойындады.