11 жастағы бала үйіне кірген ұрыны атып өлтірген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Миссури штатында 11 жастағы бала үйіне кірген ұрыны атып өлтірген. Оқиға орнына келген полицейлер басына оқ тиіп өлген 16 жастағы тонаушының мәйітін көрді.

11 жастағы бала үйіне кірген ұрыны атып өлтірген

Полиция атап өткендей, үйде баланың 4 жасар қарындасы болған. Олардың анасы үйде болмады. Полицейлер тонаушының сыбайласы болғанын айтты.

Тонаушылар үйге түскі сағат 14:00 кірген. Оларды көршілері байқап қалды. Куәгерлердің айтуынша, олар үйге кіріп үлгермеді. Екеуі ұрысып тұрғанда бала оқ атқан. Сөйтіп сыбайласы ізін суытты. Кейін ол да ұсталды, деп хабарлады CNN.

Полиция балалар неге үйде қараусыз қалғанын және кәмелетке толмаған бала қаруды қайдан алғанын анықтауда. Балалардың анасы бұрын тонаушылар үйіне кірмек болғаннан кейін қаруды сатып алғанын айтқан.