11 жастағы шахматшы, студент Жансая Әбдімәлік әлемдегі ең жас гроссмейстер атанды

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Қазақтың қаршадай қызы әлемді аузына қаратты. Он бір жастағы шахматшы Жансая Әбдімәлік ең жас гроссмейстер атанып отыр,

11 жастағы шахматшы, студент  Жансая Әбдімәлік әлемдегі ең жас гроссмейстер атанды

деп хабарлайды  BAQ.KZ порталы.

Қазақ-Британ техникалық университетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жансая осы жылдың маусым айында Мәскеу мен Алушта қалаларында өткен турнирлерде топ жарып, халықаралық гроссмейстер нормасын орындап шыққан. Ол осынау екі жарыстан кейін әлемдік рейтингтегі өз көрсеткішін 102 пунктке жоғарылатқан. Осылайша Жансая Әбдімәлік әлемдегі ең жас гроссмейстер атанып отыр, делінген аталмыш хабарламада.
Сонымен қатар, кішкентай вундеркинд Қазақ-Британ техникалық университетінің де ең жас студенті.