11 желтоқсанда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі ертең (11 желтоқсан) Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
10:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы басталады.
10:30-да Sheraton қонақ үйінде Өнеркәсіп және технологиялар саласындағы халықаралық әйелдер конгресі 6 елдің сарапшыларын біріктіреді.
11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаңа асу» университеттік ғылыми гранттарының иегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.
12:00-де Мемлекеттік басқарудың негізгі процестеріне шетелдік консалтингтік компаниялардың әсері туралы онлайн баспасөз конференциясы өтеді
14:00-де The Ritz-Carlton Astana қонақ үйінде Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының екінші отырысы өтеді.
14:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік инспекторлардың жұмысы» туралы баспасөз конференциясы өтеді.
15:00-де Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстанның көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы туризм, дене шынықтыру және спорт министрі Қаратай Тұрысовтың құрметіне арналған іс-шара өтеді.
15:00-де Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде Қазақстанда 2024 жылы жаңартылатын энергетика саласын дамыту қорытындылары бойынша дөңгелек үстел өтеді.
15:00-де Creative Industries Alliance Qazaqstan (CIAQ) және Назарбаев Университетінің Зерттеу және инновациялар жүйесі (NURIS) «Шығармашылық индустрияларға инвестициялар» тақырыбында митап өткізеді.
15:00-де Тұңғыш Президент музейінде «Объектив арқылы және экранда: Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» көрмесінің ашылу рәсімі.