11 жыл «Ақ үйде» бас аспаз болған ер адамның мүрдесі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1994 жылы Хиллари Клинтон «Ақ үйдің» бас аспазы етіп жалдаған Уолтер Шейбтің 13 маусымда жоғалып кеткені туралы хабарланған.
«ВВС» агенттігінің жазуынша, «Ақ үйдің» бұрынғы аспазының мүрдесі 22 маусым күні Нью-Мексико тауынан табылды. 61 жастағы Шейб тауға серуенге жалғыз өзі шыққан. Оның ажалы неден келгені әзірге анықталған жоқ. Уолтер «Ақ үйде» аспаз болып 11 жыл жұмыс жасаған.