110 мың ғалым ДАИШ туралы пәтуа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның біріккен ислам ғалымдары ДАИШ террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) қызметіне қатысты баға берді, www.muslim.kz.

110 мың ғалым ДАИШ туралы пәтуа шығарды

Құжатта ДАИШ ұйымы мен осыған ұқсас өзге де экстремистік және террористік топтың қызметтерінің ислам дініне түбегейлі қайшы келетіні жазылған.

Пәкістан ғұламалар кеңесі сонымен қатар, террористік топтар желеу ететін «жиһад» терминін экстремистік және террористік қызметтің кез келген түріне қосып айтуға тыйым салды. Имамдар ДАИШ ұйымы ислам құндылықтарын аяқасты етіп, қанды қылмыстары арқылы дінге күйе жағып отырғанын атап өтті.

Айта кету керек, Пәкістан ғұламалар кеңесіне 110 мың дін ғалымдары кіреді. ДАИШ туралы пәтуаны кеңес мүшелері бірауыздан қолдап, қол қойды.