113 жыл бұрын дәл осы күні әлемдегі ең алғашқы тоңазытқыш жасап шығарылды, ол ағаш, көмір, керосинмен жұмыс істеді

әлемдегі ең алғашқы тоңазытқышты патенттеді. Олар негізінен бөлек сатып алынған мұздың есебінен жұмыс істеді. Алғашқы отбасылық тоңазытқыштарға ағаш, көмір және керосин пайдаланылды және өте көп мөлшерде.
1911 жылы «Дженерал электрик» фирмасы анағұрлым заманауи тоңазытқыштарды шығара бастады. Дегенмен, олар газбен жұмыс істегендіктен қатты гуілдеп, жаман иіс шығаратын еді. Бұл оның басты кемшілігі болды.
1926 жылы дат инженері Стиндруп шуылсыз және иісі жоқ тоңазытқышты ойлап шығарды. Осыдан кейін бұл тоңазытқыш Америкада тез арада ең қажетті тұрмыстық құралға айналды. Шыны керек, алғашқы тоңазытқыштар «Форд» көлігінен екі есе қымбат тұрды. Оларды «тұрмыстық суық фабрикасы» деп атады.
КСРО-да алғашқы тоңазытқыштар 1937 жылы Харьков трактор зауытында пайда болды. Ал олардың жаппай шығарылымы тек 1960 жылдары ғана игерілді.