116 медициналық-әлеуметтік мекеменің жұмысы тексеріледі
«Біріншісі – барлық 116 медициналық-әлеуметтік мекемеге арнайы қызмет көрсету стандарттарының сақталуына тексеріс жүргізілетін болады. Олардың қорытындысы бойынша өңірлердің әкімдерімен бірлесіп функционалдық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылданады.
Екінші қадам – сыйымдылығы төмен үйлерді, әсіресе ауылдағы үйлерді қолдау және дамыту. Бүгінгі таңда осындай 20 үй жұмыс істейді, олардың базасында АӘҚ көрсетудің жан басына шаққандағы нормативтері сынақтан өткізілетін болады. Пилоттың қорытындысы бойынша жаңа тарифтеу жүйесі дайындалады», - деді Тамара Дүйсенова.
Министрдің сөзінше мұқтаж адамдарға қымбат және заманауи техникалық компенсаторлық құралдар теңдей жету үшін облыс орталықтарында техникалық құрал парктерін құру көзделіп отыр. Бұл жоба «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен іске асырылмақ.