118 ұялы телефонды шекарадан заңсыз өткізбек болғандардың жолы кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар 118 ұялы телефонды мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қзыметінен.
None
None

«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының бақылаушылары Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығында Қазақстан Республикасының 3 азаматын ұстады.

Қол жүктерін тексеру кезінде олардан заңсыз 96 дана ұялы телефон табылды. Бұдан басқа, ұсталғандардың бірінің денесінен жабысқақ лентамен жапсырылып жасырылған 22 дана телефон анықталды. Осылайша жалпы саны 118 дана заңсыз телефон тәркіленді.

Аталған азаматтар телефондарды кедендік бақылаудан жасырын өткізуге тырысқан. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар