12-14 желтоқсанда Римде бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарының саммиті өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-14 желтоқсанда Римде бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарының саммиті өтеді. Ұйымдастыру комитетінің бұл шешімі туралы итальяндық БАҚ мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.
Бұдан бұрын кездесуді қазан айының ортасында Кейптаунда өткізу жоспарланған болатын. Алайда ОАР билігі 79 жастағы тибеттік буддашылардың діни көшбасшысы - далай-ламаға виза беруден бас тартуына байланысты 14 адам саммитке қатысудан бас тартты. Содан кейін кездесу кейінірек басқа қалада өтетіні хабарланды.
Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы - Нобель қоры жыл сайын бейбітшілікті нығайту саласындағы жетістіктер үшін берілетін беделді марапат. Алғашқы Нобельдік бейбітшілік сыйлығы 1901 жылы тапсырылды. 1901 жылдан 2013 жылға дейін сыйлық 93 рет берілді, 100 адам оның лауреаты атанды, соның ішінде 1990 жылы Михаил Горбачевке де берілді. 25 рет бұл сыйлық бейбітшілікті сақтауға қомақты үлес қосқан ұйымдарға, атап айтқанда, Еуроодаққа (2012) және Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымына (2013) берілді.