12-18 мамыр күндері өтетін спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Спорт және дене шынықтыру істері комитеті алдағы аптада өтетін спорттық іс-шаралар кестесімен бөлісті.

семсерлесу
Фото: olympic.kz

12-18 мамыр күндері өтетін жарыстар кестесі

12-19 мамыр: Спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңі
Ел намысын 3 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Копер қаласы, Словения

13-15 мамыр: Пара дзюдодан әлем чемпионаты
Қазақстан құрамасынан 10 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Астана қаласы

13-20 мамыр: Көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы Азия чемпионаты
Жарысқа отандық 8 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Сингапур қаласы, Сингапур

14-17 мамыр: Велоспорттан ерлер арасындағы Orlen Nations Grand Prix кубогі
Турнирде Қазақстан құрамасынан 6 спортшы сынға түседі.
Өтетін орындары: Ланьцут, Ясло, Ярослав, Устшики-Дольне, Леско қалалары, Польша

16-18 мамыр: Семсерлесуден халықаралық Гран-при турнирі 
Елімізден 3 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шанхай қаласы, Қытай

17-18 мамыр: Эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан біріншілігі
Жарысқа 9 өңірден 293 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шымкент қаласы

17-24 мамыр: Бокстан жастар арасындағы (U-19, U-22) Азия чемпионаты 
Сары құрлық додасында 13 былғары қолғап шебері ел намысын қорғайды.
Өтетін орны: Коломбо қаласы, Шри-Ланка

17-25 мамыр: Үстел теннисінен әлем чемпионаты
Жаһандық жарыста 10 спортшымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Доха қаласы, Қатар

Соңғы жаңалықтар