12 адам Сауд Арабиясындағы химиялық зауытта болған жарылыстың құрбаны болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясындағы химиялық зауытта болған жарылыс 12 адамның өмірін қиып кетті, тағы 11-і жараланды, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.
Өрт елдің солтүстік-шығысында орналасқан Эль-Джубайль қаласындағы Jubail United Petrochemical компаниясының зауытында, жергілікті уақытпен 11.40-та болған.
Жергілікті Saudi Press Agency агенттігінің хабарлауынша, өрт техникалық қызмет ету жұмыстары кезінде басталған. Оның себептері әзірге белгісіз болып отыр.